Щучинскідегі облыстық оңалту орталығында өрт шықты. Құтқарушылар 27 науқасты баспалдақ маршымен эвакуациялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өрт үш қабатты ғимараттың екі қабатындағы қызмет көрсету палатасында болды. Плафон қысқа тұйықталып, бір шаршы метр алаңда жиһаз өртенді", – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!