- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Щучинскіде ер адам...
Щучинскіде ер адам жасөспірімдерге массаж жасауды ұсынған
Щучинскіде тұрғын үй ауласында ер адам кәмелетке толмаған қыздарға массаж жасауды ұсынып, үйіне шақырған, - деп хабарлайды Elitar.
Оқиғаның видеосы жергілікті пабликтерде тарап кеткен.
"Жағдайды әлі ұмыта алмай жүрмін. Оны балалар көріп, үлкендерді шақырып келген. Олар өмірін сақтап қалған болуы да мүмкін. Менің де балаларым бар, енді оларды ойын алаңына қалай жіберетінімді білмеймін", - дейді тұрғындардың бірі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына келген құтқарушылар мен полицейлер жедел әрекет етіп, терезе арқылы пәтерге кірген.
Оқиғаға қатысты Ақмола облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қыздың анасы ер адам тоғыз жастағы қызына массаж жасағанын айтқан. 1959 жылы туған ер адам сол аулада тұратыны белгілі болды.
Д. Шәріпхан"Куәгерлердің, яғни ер адамның көршілерінің айтуынша, ол балалармен жиі сөйлесіп тұрады. Кәмелетке толмаған қыздар және олардың ата-анасы қатысқан әңгімелесу барысында ер адам шынымен массаж жасауды ұсынып, тіпті жасағаны айылған. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша соталды тергеу басталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.