- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Щучинскіде екі жасар...
Щучинскіде екі жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Щучинск қаласында екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 17 маусымда көпқабатты тұрғын үйдің аумағында болған.
Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ тұрғындарға бірнеше ескерту жасады:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- ешқашан москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан