Щучинскіде 12 жастағы қыз 5-қабаттың терезесінен құлап кетті

Щучинскіде 12 жастағы қыз 5-қабаттың терезесінен құлап кетті
Фото: depositphotos.com

Щучинскіде 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі turar_media-ға сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары ақпаратты растады.

"Бурабай ауданының полиция бөлімі бұл оқиға 14 қыркүйекте Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. 12 жастағы қыздың 5-қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткені алдын ала анықталған. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп нақтылады аудандық бөлімде.

Полицияның мәліметінше, қыз ауруханада жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә