Щучинск - Бурабай тасжолында Volvo автобусы жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан 11 адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 14 маусымда сағат 13:10 шамасында болған.
"Астана - Бурабай тасжолында демалушыларды курорттық аймаққа апара жатқан Volvo автобусы қарсы бағытқа шығып кетіп, Changan көлігімен соқтығысқан, кейін ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы, сондай-ақ, Changan көлігіндегі екі адам зардап шеккен", - деп жазылған хабарламада.
Жол апатына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!