Щучьеде Қорғаныс министрлігіне қарасты Кадет корпусының курсанты өзін атып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 13 ақпанда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінде 1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кіріскен. Осы кезде бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болған.
Бұған қатысты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі түсінік берді.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз