Ақмола облысы Щучье қаласының астық қабылдау пункттерінің бірінде астық кептіру-тазалау комплексінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өрт кезінде қондырғыда 30 тонна күнбағыс тұқымы болған.
Шақырту орнына жеткен құтқарушылар әрі қарай оттың таралуына жол бермеді.
Сондай-ақ оқиға орнына Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы барып, өртті сөндіру жұмыстарын қадағалады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз