Сібірде қазба жұмыстары кезінде семсер тісті жолбарыс күшігінің жақсы сақталған қалдықтары табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Археологтардың пайымдауынша, ол 37 мың жыл бұрын тіршілік еткен. Оның басы мен алдыңғы аяқтары жақсы сақталған.
Жануар қазіргі жолбарыстардан ірілеу болған. Әсіресе мойыны қалыңдау. Негізі мұз дәуірінде семсер тісті жолбарыстар Еуразия, Африка мен Америкада тіршілік еткен.
Осы күнге дейінгі қалдықтардың көбі Солтүстік Америка аумағынан табылған.
Сондықтан археологтардың бұл олжасы еуразиялық жыртқыштарға қатысты көп жаңа мәлімет беруі тиіс дейді ғалымдар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз