Ұлттық банк қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемалары пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырыспайды.
"Ұлттық банк инвестициялық қызметпен және фишинг шабуылдарға байланысты алаяқтық схемалар көбейіп келе жатқаны туралы ескертеді. Алаяқтар қаржылық дамудың жалған бағдарламаларын, сондай-ақ, биржалық саудада тез ақша табудың қарапайым тәсілдерін сипаттайтын жарнама роликтері бар сайттар мен ұялы қосымшаларды іске қосады. Мұндай алаяқтық сайттарда белгілі тұлғалардан, атап айтқанда, өздерін Ұлттық банктің "қызметкерлеріміз" деп таныстыратын қаржы ұйымдарының қызметкерлері тарапынан жалған ақпарат, қолдан жасалған лицензиялар мен басқа да құжаттар ұсынылуы мүмкін. Тағы басқа алаяқтар топтары фишинг шабуылдар бойынша жасырын деректерді заңсыз жинаумен айналысады", - делінген банк хабарламасында.
Осыған орай Ұлттық банк қазақстандықтарды Ұлттық банктің өкілдеріміз немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп атайтын адамдардан күмәнді қоңырау немесе электрон хаттар қабылдаған кезде абай болуға шақырды.
"Ұлттық банк телефон немесе электрон пошта арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін сұрамайтынын еске саламыз. Сондықтан ақпарат шынайылығына көз жеткізбей, дербес деректеріңізді бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк инвестиция арқылы жылдам табыс табу жөніндегі ақпаратты қамтитын сайттарда алаяқтық әрекеттің айқын белгілері бар екенін жеткізді. Оның бірнеше себебі бар:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!