Сайран көлінде суға батып бара жатқан қыз құтқарылды

Сайран көлінде суға батып бара жатқан қыз құтқарылды
Фото: Видео кадры

Алматыда құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖД құтқару қызметінің қызметкерлері Алмалы ауданындағы Сайран көлін патрульдеу барысында суицид жасау әрекетін байқаған.

Жағалауда кезекшілікте болған құтқарушылар батып бара жатқан қызды көріп, оны жедел судан алып шығып, жағаға жеткізген.

"Жәбірленушіге көмек көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget