Түркістан облысындағы Сайрамсу өзенінен 27 жастағы әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Марқұм табиғат аясына отбасымен бірге демалуға барған.
Бейресми ақпараттарда әйелдің жүкті екені де айтылып жатыр. Қайғылы оқиға 29 маусымда болған. Оның денесін құтқарушылар 3 күннен кейін тапқан.
Айта кетейік, жыл басталғалы өңірде суға батып, қайтыс болғандар саны 39-ға жетті.
"Сайрам-Өгем" ұлттық-табиғи паркінің аумағында орман шаруашылығы қызметкерлері және туыстары белгісіз жағдайда суға құлаған. 1998 жылы туған Г. есімді әйелдің денесін ТЖД қызметкерлері жағаға алып шықты. Жалпы 8 жеке құрам, 2 техника мен 1 эхолот жұмылдырылып, жағаға мәйіт шығарылды", – деді Түркістан облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Ақарыс Омар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек