Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауда кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар. Парламент депутаты болуы мүмкін тұлғалар:
- Қазақстан Республикасының азаматы және елде кейінгі 10 жылда тұрақты тұраған;
- 30 жастан асқан;
- жоғары білімі бар;
- жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
- тиісті өңір аумағында 3 жылдан кем емес тұрақты тұрған", - деді ОСК мүшесі Константин Петров комиссия отырысында.
Оның айтуынша, кандидаттың белсенді сайлау құқығы болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жүрген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.
"Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзудағы кінәсін сот мойындаған адам Парламент депутаттығына кандидат бола алмайды", - деді Петров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!