Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау аяқталды. Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін комиссиялар дауыстарды санауға кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сағат 20:00-де Қазақстан аумағындағы дауыс беру толық аяқталып, барлық 10 344 сайлау учаскесі жабылды. Жалпы сайлау өткізу үшін 10 423 учаске құрылған. Оның 79-ы Қазақстанның 61 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан ашылды. Шетелдегі сайлау учаскелері жергілікті уақытқа сәйкес жабылады.
Сайлау учаскелері жабылар сәтке дейінгі кейінгі мәлімет сағат 18:00-де жарияланған еді. Сол уақытқа дейін 9 095 298 сайлаушы дауыс берді. Бұл - тізімге енгізілген азаматтардың 72,15 пайызы. Алайда бұл әлі түпкілікті көрсеткіш емес.
Орталық сайлау комиссиясы күн қорытындысы бойынша сайлауға қатысудың алдын ала көрсеткішін Астана уақытымен сағат 20:30-да өтетін брифингте жариялауды жоспарлап отыр.
Сағат 18:00-дегі дерек бойынша ең жоғары белсенділік Түркістан облысында тіркелді: 90,17 пайыз. Одан кейін Жетісу облысы (89,69 пайыз) және Қызылорда облысы (88,09 пайыз) тұр. Ең төмен көрсеткіш Алматыда (41,06 пайыз) және Астанада (49,87 пайыз) болды.
Сайлаушылардың белсенділігі күн бойы біртіндеп артты. Сағат 10:00-ге дейін 2 264 411 адам, яғни сайлаушылардың 17,96 пайызы дауыс берді. Сағат 12:00-де бұл көрсеткіш 4 670 816 адамға немесе 37,05 пайызға жетті.
Сағат 14:00-де 6 696 002 сайлаушы дауыс беріп, көрсеткіш 53,12 пайыз болды. Сағат 16:00-де 8 240 336 адам немесе 65,37 пайыз дауыс берді. Ал сағат 18:00-де сайлауға қатысу көрсеткіші 72,15 пайызға жетті.
Тізімге барлығы 12 605 788 дауыс беруші енгізілді. Қазақстанда және шетелде 10 423 учаске құрылды. Азаматтар жаңа бірпалаталы Парламенттің 145 депутатын сайлады. Сайлауға жеті саяси партия қатысты, сондай-ақ, бюллетеньде "Бәріне қарсымын" бағаны болды.
Алдын ала қорытынды бірнеше күн ішінде жариялануға тиіс. Ал ресми нәтиже сайлаудан кейін 7 күннен кешіктірілмей шығарылады.
Бұл - сайлаудың түпкілікті қорытындысы биыл 30 тамызға дейін жарияланады деген сөз.
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысып жатыр. Құрамы мынадай:
1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!