Орталық сайлау комиссиясы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша бір палаталы Парламент - Құрылтай сайлауына қанша адам келгені туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, көрсеткіш мынадай:
1. Астана қаласы бойынша - 49,87 пайыз.
2. Абай облысы бойынша - 77,54 пайыз.
3. Ақмола облысы бойынша - 78,95 пайыз.
4. Ақтөбе облысы бойынша - 84,95 пайыз.
5. Алматы облысы бойынша - 70,04 пайыз.
6. Атырау облысы бойынша - 69,05 пайыз.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша - 71,15 пайыз.
8. Жамбыл облысы бойынша - 83,99 пайыз.
9. Жетісу облысы бойынша - 89,69 пайыз.
10. Қарағанды облысы бойынша - 74,78 пайыз.
11. Қостанай облысы бойынша - 75,31 пайыз.
12. Қызылорда облысы бойынша - 88,09 пайыз.
13. Маңғыстау облысы бойынша - 70,61 пайыз.
14. Павлодар облысы бойынша - 69,99 пайыз.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 75,14 пайыз.
16. Түркістан облысы бойынша - 90,17 пайыз.
17. Ұлытау облысы бойынша - 68,23 пайыз.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 85,43 пайыз.
19. Алматы қаласы бойынша - 41,06 пайыз.
20. Шымкент қаласы бойынша - 71,89 пайыз.
Елімізде сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 9 095 298 сайлаушы бюллетень алған. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 72,15 пайызы болады. Сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Сурет: ОСК
Нәтиже қашан белгілі болады?
Елдегі сайлау учаскелері 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық. Олар жабылғаннан кейін бірден дауыстарды санау басталады. Комиссиялар нәтиже туралы ОСК-ға дереу есеп береді. Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны арнайы отырыста шығарады.
Алдын ала қорытынды бірнеше күн ішінде жариялануға тиіс. Ал ресми нәтиже сайлаудан кейін 7 күннен кешіктірілмей шығарылады.
Бұл - сайлаудың түпкілікті қорытындысы биыл 30 тамызға дейін жарияланады деген сөз.
Құрылтай сайлауы
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысып жатыр. Құрамы мынадай:
- "Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;
- "Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;
- "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;
- Respublica партиясы - 75 кандидат.
1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова