- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сайлау күні ауа...
Сайлау күні ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2019 жылдың 8-10 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.
"Қазгидромет" мәліметігше, Қазақстанның біраз облысының жаңбырлы болуына атмосфералық фронттары бар терең және өте белсенді циклон себеп болып отыр.
"Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Алдағы үш тәулік ішінде циклон және онымен байланысты фронттар шығысқа қарай жылжиды, бірақ әлі күнге дейін күн күркіреп, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы, Шығыс пен оңтүстік-шығыс кей жерлерде күшті және ауа температурасының төмендеуі мүмкін", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Батыс және солтүстік-батыста 9-10 маусым күндері антициклонның таралуы жауын-шашынсыз болады, күндіз ауа 28-33 градусқа дейін жылиды, кей жерлерде 35-38 градусқа дейін жылы болады.
А. Жапатова