- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сайлау Батыршаұлы: "Егемендік...
Сайлау Батыршаұлы: "Егемендік туралы Декларация Қазақстанға халықаралық қатынастар орнатуға мүмкіндік берді"
Дипломатиялық қызмет ардагері, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батыршаұлы SöZ Astana Public Talk пікірталас алаңының отырысында 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған еліміздің егемендігі туралы декларацияның басты артықшылықтарын атап өтті.
Оның айтуынша, декларацияның маңызды ережесі - Қазақ КСР халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, сыртқы саясатты өз мүддесі үшін айқындау, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасу, халықаралық ұйымдардың, оның ішінде БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелерінің қызметіне қатысу құқығын өзіне бекітті.
Сайлау Батыршаұлы бұл жағдай Қазақ КСР - халықаралық қатынастар орнатудың бастапқы нүктесі болғанын атап өтті.
Д. Шәріпхан