- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сайлау: 19 тұлға...
Сайлау: 19 тұлға заң бұзған және тағы екеуі үгіт-насихат жасаған
Қазақстандағы мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау кезінде 19 тұлғаның заң бұзғаны анықталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин "Сайлау-2023" онлайн марафоны кезінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Олардың 12-і азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерін берген. Олардың 5-і Алматы облысында, 3-і Солтүстік Қазақстан облысында, ал Жетісу, Жамбыл облыстарында және Алматыда, Шымкентте бір-бірден анықталды", - деді Азамат Сарғазин.
Бұл құқық бұзу бойынша кінәлі сайлау комиссияларының мүшелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабымен жауапқа тартылады.
"Бес фактіде басқа сайлаушы үшін дауыс берген. Олар бойынша тең сайлау құқығы туралы талапты бұзған азаматтардың жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 108-бабы бойынша шешіліп жатыр", - деді Азамат Сарғазин.
Сонымен бірге ведомство өкілінің мәліметінше, тыйым салынған кезеңде - сайлауда үгіт-насихат жасаудың екі фактісі анықталған.
"Олар Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында анықталған. Бұл әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жазаланады", - деді Бас прокуратура өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан