Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетінің экс-ректоры Шигео Катсудың оқу орнының жемқорлыққа қатысты мәлімдемелерін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет қабырғасында өткен брифингте министр бұл сөздердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп, өткен жылы университетте кешенді тексеру жүргізіліп, барлық бұзушылықтар тіркелді деді. Оның пікірінше, жоғары аудит палатасы университеттің барлық салаларын, соның ішінде қаржы, ұйымдастыру және кадр мәселелерін тексеріп, арнайы шаралар жоспары бекітілген.
"Қазір университеттің және оның жоғары қамқорлық кеңесінің бақылауында. Мен Катсу мырзаның мәлімдемелеріне қатысты пікір білдіре алмаймын, бірақ сөздері шындыққа сәйкес келмейді. Жоғары аудиторлық палата барлық салаларды тексерді, оның ішінде ұйымдастыру, кадр және қаржылық мәселелерді қарастырды. Анықталған бұзушылықтар тіркелді және қамқорлық кеңес тарапынан үлкен шаралар жоспары бекітілді", - деді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ министр Шигео Катсудың ғылым және жоғары білім министрлігімен байланысқа шықпағанын айтып, жемқорлық туралы жарияланған айыптаулардың ешқандай беделі жоқ еуропалық басылымдарда шыққанын алға тартты.
"Бұл мәлімдемелер үлкен, беделді басылымдарда жарияланбаған. Тіпті бірде-бір үлкен басылымда жарияланбауы да үлкен сұрақтар туғызады", - деп қосты министр.
2023 жылдың 12 желтоқсанында Назарбаев университетінің экс-ректоры Шигео Катсу университеттің болашағы қауіпті жағдайда екенін айтып, дабыл қақты. Катсу аудиторлық тексеру барысында заңбұзушылықтар, оның ішінде жалған компаниялар құру және рұқсатсыз қаражат аударымдарын жүзеге асырған Аслан Саринжиповтың университеттің атқарушы вице-президенті болып тағайындалуы "қатерлі белгі". 2024 жылдың желтоқсанында Назарбаев университетінің бұрынғы басшысы университеттегі қаржылық және басқарушылық бұзушылықтар туралы ашық хат жариялады. Оның айтуынша, университеттен 14 миллиардтан астам теңге ұрланған.
Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Назарбаев университетіндегі жүргізілген аудиторлық тексеріс нәтижесімен бөлісті. Төрағаның мәліметінше, аудит нәтижесінде университетте 73 млрд теңгеге тиімсіз жоспарлау мен қаржыны тиімсіз пайдалану фактілері анықталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз