Саясат Нұрбек лауазымын сақтап қалды

Саясат Нұрбек лауазымын сақтап қалды
Фото: gov.kz

Саясат Нұрбек лауазымын сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Саясат Нұрбек туралы не белгілі?

Ол 1981 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстанда және шетелде түрлі салада білім алған: Маршаллтаун колледжін (АҚШ) саясаттану мамандығы бойынша, Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Халықаралық құқық мамандығы бойынша (2004), La Sapienza (Италия) университетін геополитика магистрі дәрежесі бойынша, Көкше академиясын психология бакалавры дәрежесі бойынша тәмамдаған.

АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Еңбек жолын студенттік кезде бастаған. АҚШ-та тағылымдамадан өту кезінде Конгресстің Орталық сайлау штабында, сондай-ақ, президенттік кампанияда жұмыс істеген.

2000-2001 жылдары конгрессмен Марк Смит көмекшіcі (АҚШ), Айова штатының Үкіметінде (АҚШ) қызмет атқарған.

2002-2004 жылдары Қазақстандағы жастар саясатына белсене қатысты.

2006-2009 жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ инвестициялық жобалар саласында жұмыс істеді, Президент әкімшілігінің кадр саясаты секторының меңгерушісі, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі проректоры, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ департамент директоры, кадр саясаты және басқару жөніндегі атқарушы директор болып қызмет атқарды.

2009 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директоры болып тағайындалды.

2010 жылғы қарашадан 2013 жылғы қыркүйекке дейін Білім және ғылым министрлігінің (сол кездегі атауы - еск.) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті қызметін атқарды.

2013-2015 жылдары "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры болып жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы болды.

2016 жылғы шілдеден бастап Астана Халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры, басқарма мүшесі болып тағайындалды.

2018-2022 жылдары BTS Digital директоры, BTS Education бас директоры қызметін атқарды.

2022 жылы Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылғы 11 маусымда ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget