- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Саяжайда жасырынып жүрген:...
Саяжайда жасырынып жүрген: Ақмола облысында екі жасөспірім 4 күн іздестірілді
Степногорск қаласының 14 жастағы екі тұрғыны төрт күн іздестіріліп, кейін жергілікті саяжайдан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 716.kz-ке сілтеме жасап.
Іздеуге қатысқан еріктілердің айтуынша, балалар жергілікті саяжайлардың бірінде болған. Оларды саяжай иесі ұстап алып, полицияға тапсырған.
Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Степногорск қаласының полиция басқармасына 14 жастағы Мойченко Дэвид Павлович пен Бойко Владислав Викторович жоғалып кеткені туралы арыз 2 желтоқсанда түскен.
Алайда олардың ата-аналардың айтуынша, балалар 29 қарашада жоғалып кеткен, бірақ туыстары бірнеше күннен кейін ғана полицияға жүгінген.
"Алғашқы іздеу іс-шаралары барысында балалар жоғалып кеткен күні бірге серуендеуге кеткені анықталды, бірақ олар үйлеріне оралмаған. Арыз түскеннен кейін полицейлер Степногорск қаласының аумағынан, көрші елді мекендерден іздеді. Құқық қорғау органдарымен бірге іздеуге еріктілер мен қала тұрғындары қатысты", - деді ведомство өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова