Қарағандының орталық мәдениет және демалыс саябағында "Тікұшақ" аттракционының кабинасы құлап, кабинада болған әйел мен бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Patriot Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйек, жексенбі күні болған.
Оқиға орнында қалалық ішкі істер бөлімі мен Михайловский полиция бөлімінің қызметкерлері мән-жайды анықтауда.
Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров аталған жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталып жатыр", – деді Бақытжан Құдияров.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!