- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сәуірдің аяғында ауа...
Сәуірдің аяғында ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері атмосфералық фронталь бөлімдер батыс, солтүстік-батыс, шығыс бағытта жылжып, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар соғады", - делінген хабарламада.
Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-33 градус жылыға дейін, оңтүстікте 27-35 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 23-30 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды. 27-28 сәуірде еліміздің қалған бөлігінде қазіргі температура сақталады, бірақ 29 сәуірде түнде 2-10 градус жылыға дейін, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова