Қазгидромет 28, 29, 30 cәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел тұруы мүмкін. Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік, орталық облыстарда байқалады. Мұндай ауа райы оңтүстікте 28-29 сәуірде, шығыста 29-30 сәуірде болжанып отыр. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Түнгі, таңғы уақытта республика бойынша тұман түседі.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ, 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
- батыста +15...+20 градусқа дейін,
- солтүстік-батыста +17...+25 градусқа дейін,
- солтүстікте +21...+26 градусқа дейін,
- орталықта +21...+30 градусқа дейін,
- шығыста +19...+27 градусқа дейін,
- оңтүстікте +25...+34 градусқа дейін,
- оңтүстік-шығыста +22...+27 градусқа дейін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова