- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сәуірдің алғашқы демалыс...
Сәуірдің алғашқы демалыс күні қандай болмақ?
Фото:
elements.envato.com
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2-4 сәуірге ауа райы болжамын жариялады.
Болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері, батыстан атлантикалық циклон ығыса бастайды, бұл негізінен жауын-шашын және елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне әкеледі. Ал республиканың қалған бөлігінде, көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Иран аудандарынан жылы ауа массалары шығып, әсерінен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі деп болжанады: батыста +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жетеді", - делінген хабарламада.
Дереккөз: tengrinews.kz
Г. Берік