Алматының жоғарғы бөлігінде қар жауды. Алматылықтар әлеуметтік желіде көктемде жауған қардың суреттері мен видеоларын бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews сайтына сілтеме жасап.
Кеше әлеуметтік желілерде алматылықтар көктемде қар жауған елорда тұрғындарына әзілдеген еді. Алайда бүгін таңертең қаланың жоғарғы бөлігінің тұрғындары ақ үлпек қар Алматыға да жауғанын көрді.
Көптеген қала тұрғыны мұндай қардың әдемі көрінетінін айтқан.
Сондай-ақ, Алматы облысында да қар жауды. Талғар мен Талдықорған көшелерінен де тұрғындар осы құбылысты байқаған.
Айта кетейік, синоптиктер мәліметінше, алдағы үш күнде күн бұлтты болады, түнде және таңертең жауын-шашын (қар мен жаңбыр) жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!