Сауда орталығында шетелдік ер адам 4 жасар қызды тепті

Фото: видео кадры

Сауда орталығында шетелдік ер адам 4 жасар қызды тепті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 23 шілде күні Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан "Aport Mall" сауда орталығында болған. Бұзақының әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрда ер адамның әйел мен арбадағы баласын ертіп бара жатқанын көруге болады. Бір кезде кішкентай қыз арбаға жақындайды. Осы кезде ер адам баланы қатты теуіп, арбадағы сәбиді көтеріп алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @alqabay_news

"Полицияға 1996 жылы туған азаматша К. 2019 жылы туған кішкентай қызына дене жарақатын салған белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш білдірді. Бұл дерек бойынша "бұзақылық" дерегімен Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 1998 жылы туған Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы полковник Бауыржан Аленов.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жауап алу кезінде болған оқиғаны айтып, өз кінәсін толық мойындаған.

"Қазіргі уақытта ұсталған ер адам заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек