25 желтоқсанда City center сауда үйіндегі эскалаторда 40 жастағы әйел аяғын жарақаттап алған. Сауда орталығының инженері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Кейін сауда орталығының әкімшілігі траволаторда болған оқиғаның егжей-тегжейін айтты (траволатор - жаяу жүргіншілер мен олардың тауарларын жылжытуға арналған жылжымалы жол).
"25 желтоқсанда сағат 10:00-де әйел траволаторды басып кетіп, құлап қалды. Бір күн бұрын траволаторды келісімшарт бойынша бізге қызмет көрсететін компания жөндеген, ал баспалдақтарды дұрыс қалпына келтірмегені белгілі болды, олардың бірін ауыстырған. Соның салдарынан әйел баспалдақ орнатылмаған бөлікке басып, зардап шекті. Бұрын бәрін өзіміз істейтінбіз, бізде штат қызметкерлері болды және мұндай ештеңе болған емес. Енді міне, бұл компания бір айдан сәл аса уақыт біздің бөлімшелерге қызмет көрсетіп жүр, бірақ мынадай олқылыққа жол берді, - дейді сауда орталығының жұмысы жөніндегі бас инженер Антон Соробян.
Оның айтуынша, әйелдің аяғы түсіп кеткенде, сауда орталығының қызметкері оны көріп, тоқтату түймесін басып, траволатордың қозғалысын тоқтатқан.
"Адамдар бұл қондырғыларды қауіпсіз деп ойлап жүреді, бірақ бұл - механизмдер, бұл - темір, сондықтан бәрі болуы мүмкін. Адамдар ештеңеге қарамай, жолда жүргендей жүреді, тіпті жолда жүру қауіпті, телефонға емес, аяғыңызға қарау керек, сондықтан әйел бір сатысының жоғын байқамай, зардап шекті, - деді инженер.
Оның айтуынша, оларда бұрын мұндай жағдай болмаған. Жәбірленушіге сауда орталығының өзінен де, олардан эскалаторларды жөндейтін мердігерден де көмек көрсетіледі. Қазір мәселе шешілді және құрылғы сынақтан өтіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Оралдағы сауда орталығында эскалаторларға аяғы қысылып қалған әйелдің ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!