Сауда министрлігі шетелдік маркетплейстерді Қазақстанда тіркелуге міндеттемек

Сауда министрлігі шетелдік маркетплейстерді Қазақстанда тіркелуге міндеттемек
Фото: midjourney

Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы Үкімет отырысында шетелдік онлайн-дүкендердің қызметін қайта қарау бастамасын көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атап айтқанда, ведомство басшысы Арман Шаққалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынады.

"Шетелдік маркетплейстерге тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарланып жатыр. Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болды", - деп мәлім етті министр. 

Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азаматтар 3,2 трлн теңге жұмсады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет