- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сауда және интеграция...
Сауда және интеграция министрлігіне жаңа басшы тағайындалды
Сауда және интеграция министрлігіне жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының cауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған.
2001-2002 жылдары - ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы.
2004-2006 жылдары - "Қазақстан метрология институты" РМК директоры.
2006-2007 жылдары - Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
2007-2008 жылдары Қаржы, Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, "ҚазАгро" холдингі құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2008-2016 жылдары - "Қазақстан стандарттау және метрология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.
2016-2018 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.
2019-2020 жылдары ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2020 жылдың қараша айынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі болды.
Ол бұған дейін Сауда және интеграция министрлігінде бірінші вице-министр қызметін атқарған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова