Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Америкаға 600 миллиард доллар уәде етті

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Америкаға 600 миллиард доллар уәде етті
Фото: Euronews

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман бейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен кезде корольдік алдағы төрт жыл ішінде АҚШ-пен саудаға 600 миллиард доллар инвестиция салғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Golosameriki-ге сілтеме жасап.

"Мұрагер ханзада корольдіктің алдағы төрт жыл ішінде АҚШ-пен инвестициялары мен саудасын 600 миллиард долларға және одан да көпке кеңейту ниетін растады", - деді Saudi Press Agency мемлекеттік агенттігі.

Алайда бұл инвестициялардың қандай салаларға бағытталуы мүмкін екендігі нақтыланбады. Соңғы жылдары АҚШ Сауд мұнай экспортына тәуелділіктен алыстап келеді, бұрын ол ондаған жыл бойы екі мемлекет қарым-қатынасының негізі болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget