Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагері Президент Тоқаевқа хат жолдады

Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагері Президент Тоқаевқа хат жолдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әл Сауд хат жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сауд Арабиясының королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері, премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд хаттарында Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан Президентінің корольдікке қолдауы мен тілектестігін зор ризашылықпен қабыл алғанын жазған.

Король мен тақ мұрагері бауырлас екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың тереңдігін айғақтайтын ұстанымды жоғары бағалап, барлық саладағы ықпалдастықты ортақ мүддеге сай одан әрі нығайтуға ниетті екенін растаған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына зор денсаулық, Қазақстан халқына бақ-береке тілейтінін жеткізген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget