Сауд Арабиясындағы шабуылдар: Сыртқы істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады

Сауд Арабиясындағы шабуылдар: Сыртқы істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады
Фото: depositphotos.com

Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты осы елде жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство азаматтарға бірқатар кеңес берді:

  • сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауын орындау;
  • қажеттілік болмаса, әуежайларға бармау, рейстерді әуекомпаниялардан алдын ала нақтылау;
  • адамдар шоғырланған орындар мен қауіпті нысандардан аулақ болу;
  • шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыру ұсынылды.

"Төтенше жағдайға тап болсаңыз, Қазақстанның Эр-Риядтағы елшілігіне немесе Қазақстанның Жиддадағы Бас консулдығына хабарласу қажет", - деді СІМ өкілдері.

Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері:

  • Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77.
  • Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80. 

Айта кетейік, сенбіде Сауд Арабиясының азаматтық авиация бас басқармасы Эр-Рияд халықаралық әуежайына жасалған зымыран шабуылынан 12 адам қаза тауып, 309 адам зардап шеккенін хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget