Сауд Арабиясы Қызыл теңіз жағалауында құны $500 миллиард тұратын қала салмақ. Бұл туралы Сауд Арабиясы королінің тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд хабарлады.
Мұрагер ханзада Мұхаммед бен Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд құрылыс жобасын «Болашақтың инвестициялық бастамалары» конференциясында ұсынды.
Жаңа мегаполис «NEOM» деп аталады. Бұл жобаны іске асыру үшін Сауд Арабиясы үкіметінен, инвестициялық қордан қаржы бөлінеді. Сонымен қатар жергілікті, халықаралық инвесторлардың да араласуына мүмкіндік бар.
Қала корольдіктің солтүстігіне, Қызыл теңіз жағалауына салынады. Оның көлемі 25 мың шаршы шақырым жерді алмақ. Алдын-ала есептеу бойынша құрылыстың құны 500 миллиард доллар деп бағалануда. Жаңашыл қала араб мемлекеттерін Америка, Еуропа, Африка және Азиямен байланыстырады.