- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сауатты болуымыз керек"....
"Сауатты болуымыз керек". Ләйлә Сұлтанқызы қыз-келіншектерге үндеу жасады
Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы қазақтың қыз-келіншектеріне арналған үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Оңтүістікте 11 жастан асқан қыздар көп. Аналары, жақындаңыздар! Маңызды ақпарат. АПВ-ВПЧ (вирус папилломы человека) туралы айтамын. Қазір күніне 25-44 жас аралығындағы екі келіншек осы сырқаттан көз жұмады. Рак шейки маткиді ВПЧ-ға мазок тапсыру арқылы анықтайды. Ішіндегі 16, 18 тип өте қауіпті. Бір жаманы, 3 сатыға дейін бұл сырқат сыр бермейді екен", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Журналистің айтуынша, бұл сырқатты азайтудың жалғыз жолы - екпе (прививка) екен.
"Әлемнің 150-ге жуық елдерінде бұл баяғыда міндеттелген прививкалар қатарында. Тіпті рак шейки матки обырын толығымен жеңген елдер де бар. Статистика солай дейдә. ВПЧ туралы қорқынышты ақпараттарды естіген сайын барлығын сіздермен бөліскім келеді", - деп жазды ол.
Ойын қорытындылай келе журналист Қазақстандағы қыз-келіншектерге үндеу жасады.
"Құрметті қыз-келіншектер! Біз өте сауатты болуымыз керек. Біз бала-шағамыздың денсаулығына жауаптымыз. Мұнда ауырғанша ауырмайтын жол ізде деп жатырмын", - деп қорытындылады ойын Ләйлә Сұлтанқызы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева