"Сау тамтығын қалдырмайды немесе өлтіріп кетеді". Карина Мамаш дипломат күйеуінің туыстары қорқытып жатқанын айтты

10 жыл бойы дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Карина Мамаш күйеуінің туыстары қорқытып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін менің әжеме Гүлнара апа хабарласты. Ол Сәкенді үш жасынан баққан ең үлкен келін. Ол менің әжеме хабарласып, "тым кеш болмай тұрғанда Карина арызын алып кетсін. Сәкеннің Астанада, жалпы бүкіл Қазақстанда достары бар ғой, олар Каринаның сау тамтығын қалдырмайды немесе өлтіріп кетеді. Сондықтан кеш болмай тұрғанда Карина арызын қайтарып алсын" деп айтқан. Менің әжем жүре алмай қалған. Қазір болып жатқан жайттардың салдарынан ол өзін жайсыз сезініп жүр. Олар шабуыл жасап, үнемі хат жазып жүр. Басында жалынып кешірім сұрап еді, енді қоқан-лоқы көрсетіп жүр", - дейді Карина Мамаш. 

@karidea_

♬ оригинальный звук - Карина Мамаш

Бұған дейін 10 жыл бойы дипломат күйеуінен зәбір көрген Карина Мамаш не үшін 10 жыл бойы зорлыққа шыдап жүргенін айтып берген болатын.

Карина Мамаштың сөзінше, ол қателескенін мойындауға ұялған.

"Ол менің таңдауым болды ғой. 15 жасымда ол адамға қатты ғашық болып қалдым. Ол басқа адам болып шыққанын мойындаудан ұялдым", - дейді Карина Мамаш Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында.

Карина Мамаш қай сәтте "махаббат біткенін" түсінгенін айтты.

"Бір кезде жақсы, бір кезде жаман сәт болады. Мен кетуім керегін түсіндім. Ол жұмысқа шыққаг кезде балаларды алып, анама кетіп қалатын кезді күттім. Ол маған мас күйде "күтпеген жерден жамандық жасаймын, сені тек о дүниеге жіберемін, бірақ оны басқа біреу істейді. Сенен ажыраспаймын да, балаларды да алмайсың. Не менікі боласың, басқа ешкімдікі болмайсың. Сені не қасқырлар жеп тастайды, немесе 14-қабаттан лақтырып жіберемін" деді. Бұл өте қорқынышты сезім. Бір шеті кеткің келеді, бірақ оның салдары қандай болатынын түсінесің. Себебі ол адам өлтіруге дайын", - дейді Карина Мамаш.

Ол бұған дейін #НеМолчи.kz" қорына әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын жазған болатын. Ол өзінің 10 жыл бойы қысым көргенін айтады. Әйелдің сөзінше, Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесінде де ұрып-соққан.

Көп ұзамай Сыртқы істер министрлігі дипломат Сәкен Мамашты әмірліктерден кері шақырып жатқанын, оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!