Сау-тамтығы қалмаған: жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысты

Сау-тамтығы қалмаған: жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысты
Фото: depositphotos.com

Желіде Алматы-Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы Қарағанды облысында жүк көлігімен соқтығысқаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде апат болған жерден түсірілді делінген кадрлар тарады. Полиция хабарламалар мен видеоға қатысты пікір білдірді. 

Скриншот: видеодан кадрлар/Telegram

Баспасөз қызметі оқиға 24 қазанда болғанын нақтылады.

"Қарағанды облысы Шет ауданында реттелмейтін теміржол өткелінде Shacman жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің 53 жастағы жүргізушісі теміржол арқылы өту қауіпсіздігіне көз жеткізбей, пойызбен соқтығысқан", - деп хабарлады полициядағылар.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегені нақтыланды. Бұл дерек полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя Караганда (@vk_gazeta)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget