“Сау жері қалмаған“ – марқұм Айзат Жұманованың күйеуі оны неге ұрғанын айтты

“Сау жері қалмаған“ – марқұм Айзат Жұманованың күйеуі оны неге ұрғанын айтты
Фото: Tengrinews.kz

Талдыкорғанда сотта әйелі Айзат Жұманованы өлтірді деп айыпталған Айбар Жанболаттан жауап алынды. Сотталушы оны ұрғанын мойындап, жаза тартуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айыпталушының айтуынша, жанжал оның қызғанышынан шыққан. 5–6 бөтелке сыра ішкеннен кейін үйіне келіп, сол жерде жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан.

Әйелінен физикалық тұрғыда едәуір басым болған ер адам үй ауласында жұдырығымен әйелінің кеудесіне қатты соққы жасап, бірнеше рет алақанымен ұрған. Айыпталушының сөзінше, әйелін үйге кіргізіп бара жатып, табалдырықта екеуі бірге құлап қалған.

"Үйде мен оны ваннаға апардым, ол өзі жуынып, өзін ретке келтірді. Кейін жағдайы қатты нашарлап кетті, мен оған ашық түсті трико кигізіп, ауруханаға апаруды ұйғардым. Жедел жәрдемнің келуі көп уақыт алатын болғандықтан көрші Нұрсұлтаннан көмек сұрадым. Баласаз ауылымыз тауда орналасқан, аудан орталығынан бізге жету бір сағаттан да көп уақыт алады", – деді айыпталушы сотта.

Оның айтуынша, көршісімен бірге Айзаттың өзін жолай жатқан Суықсай ауылына жеткізіп, ата-анасынан джип алып, әрі қарай аудан орталығы – Жансүгірова ауылына барған. Алайда аудандық аурухана жөнделіп жатқандықтан, әйелді Талдықорғандағы ауруханалардың біріне жеткізген, ол шамамен 100 шақырым жерде орналасқан.

Ер адам әйелін өлтіру ниеті болмағанын, болған жайтты қызғаныштан туғанын түсіндірді.

"Бұрын да арамызда кикілжің болған, бірақ қол көтеруге дейін барған емес. Мен оған күйеулерінен ажырасып, ішімдік ішетін құрбыларымен араласуға тыйым салдым. Олардың ықпалы маған ұнамайтын, мұны талай айттым. Мен оны жақсы көрдім, бірақ бұл жолы өзімді ұстай алмадым", – деді сотталушы.

Прокурор мен жәбірленуші тарап өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, сотталушы әйелін өлтіруге қасақана ниеті болмағанын айтты.

"Мен оны ұрғанымды мойындаймын және жаза тартуға дайынмын. Ал оны далада атқа байлап сүйреді немесе көлікпен сүйреді дегендердің бәрі өтірік", – деді ол.

Айта кетейік, 19 желтоқсанда сотта Айзат Жұманованы ес-түссіз күйде әкелген ауруханадағы бейнебақылау камерасының жазбасы көрсетілді. Камерада әйелді кресломен ауруханаға кіргізіп әкелгені көрінеді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget