- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сатыбалдыұлы мен Боранбаевтың...
Сатыбалдыұлы мен Боранбаевтың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануымен күрес жөніндегі комиссия Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Боранбаев және "ӨКМ операторының" ісіне қатысты жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Комиссия шетелге ірі көлемде ақша шығару белгілері бар ең резонансты істерді тергеу ерекше бақылауда екенін атап өтті.
"Қазіргі уақытта тергеу органдарының қабылдаған шараларымен шамамен 230 миллиард теңге өтелді. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген іс бойынша айыпталушылар өз еркімен Люксембургтен 170 миллион доллардан аса ақшаны қайтарды. "Қазақтелеком" АҚ, "Көліктік сервис орталығы" АҚ және басқа да компаниялардың мүлкін ұрлау туралы істер бойынша тергеу органы шамамен 36 миллиард теңге шығынды өтеп берді", - деп хабарлады комиссия.
Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевқа қатысты істі тергеу барысында "Қазмұнайгаз" АҚ-қа шамамен 11,3 миллиард теңге қайтарылған. Жамбыл облысында "ТаразЭнергосбыт" АҚ мемлекеттік ұйымына сеніп тапсырылған мүлікті иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс аясында 2,2 миллиард теңге өтелді.
"ӨКМ Операторының" ісі бойынша шамамен 180 миллиард теңге ұрлық тоқтатылды ("ӨКМ" ЖШС шотынан "Жасыл Даму" АҚ шотына аударылды) (мемлекеттік ұйым, "ӨКМ Операторы" ЖШС акцияларының 100 пайызына иелік етеді), оның 100 миллиард теңгесі жеңілдетілген автонесиелеуге бағытталған.
Күдіктілердің қылмыстық активтерін, оның ішінде шетелде анықтау, тыйым салу және тәркілеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-тың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Боранбаев аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді - ҚМА
Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын. 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Мамырдың басында Сатыбалдыұлы да, Боранбаев та Forbes рейтингіндегі Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінен шығарылғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Г. Досымшалова