- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен...
Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен түскен қаржыны Дубайдан үй сатып алуға жұмсаған
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен алынған ақшаны Дубайдан үй салып алуға жұмсаған. Бұл туралы Астанада өткен сот отырысында прокурор Елдар Нұрмаханов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот отырысында Қайрат Сатыбалды өз кінәсін толық мойындады.
Прокурор экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі ақшаның заңсыз жолмен түскенін білгенін, қомақты қаржы шетелден үй алуға жұмсалғанын жеткізді.
"...2018-2022 жылдары қылмыстық жолмен "Техальянс" ЖШС-ның ақша айналымы негізінде және оның кәсіпкерлік қызметін пайдаланып, кәсіпорын кассасынан жалпы сомасы 172 млрд 68 млн 621 мың 339 теңге алынып, Қайрат Сатыбалдыұлының шотына аударылған.
Сондай-ақ осы уақыт аралығында аталған банктердің шоттарынан 196 млрд 708 млн 294 мың 497 теңге алынған. Қылмыстық жолмен алынған ақша легализацияланған. Бұл қаржы түрлі жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалған.
Қайрат Сатыбалды өз мақсатын көздеп, ақшаның қылмыстық құқықбұзушылықтан түскенін білген. Осыған қарамастан ол шотын пайдаланып, 22 млн 965 мың долларды Дубай қаласынан жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсаған", - деді Елдар Нұрмаханов.
Бұл қаржы шетелге 2020-2021 жылдары аударылған. Сот отырысы белгісіз мерзімге шегерілді.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz