Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Сатыбалды Бұршақов туралы не белгілі?
Ол 1968 жылы Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданы Первомайск ауылында дүниеге келген. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын, Пәкістан Ислам Республикасындағы Исламабад Сыртқы қызмет академиясын, Нидерланды Корольдігінің Гаага қаласындағы "Клингендаль" Халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.
Бірқатар елде елші қызметін атқарған. Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметіне 2024 жылы тағайындалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова