Азамат Қалдыбеков Алматының Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (АҚШ, Солтүстік Каролина) құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.
Еске салайық, бұған дейін оның орнына Абзал Нүкенов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!