Сатыбалды ауыс-түйіс жүргізіп жатыр: Бостандық ауданына жаңа әкім келді

Сатыбалды ауыс-түйіс жүргізіп жатыр: Бостандық ауданына жаңа әкім келді
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Азамат Қалдыбеков Алматының Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Азамат Қалдыбеков туралы не белгілі?

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (АҚШ, Солтүстік Каролина) құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.

  • Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында жетекші маман қызметінен бастаған.
  • Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеді.
  • 2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істеді.
  • 2018 жылғы шілдеден 2019 жылғы наурызға дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы болды.
  • 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
  • 2020-2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
  • 2024 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін оның орнына Абзал Нүкенов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget