Бірнеше аптадан бері Алматыдағы "Алтын орда" базарынан түрлі видеолар тарап жатыр. Massaget.kz тілшісі сауда орталығына барып, мән жайды анықтап көрді.
Екі қабатты ғимаратта барлығы 850 дүңгіршек бар. Базарға барып алдымен саудагерлермен тілдесуге тырыстық. Халықтың басым көпшілігі зәрезап күйде. Көпшілігі "мен жұмысқа шықпадым, ештеңе білмеймін" деп жалтарса, енді бірі "ешқандай бассыздық болған жоқ" деп пікір білдіруден ат-тонын ала қашады. Өйткені екі жақты тікетірестің зардабы сатушыларға да жеткен көрінеді. Қос тараптың қатар талабынан олар да шаршағандарын жеткізді.
Базардағы сатушылар екі жақтың текетіресінің зияны ең алдымен өздеріне тие ме деп қауіптеніп отырғанын жасырмады.
Біз бейнежазбада базар алдындағы шуға қатысқан сатушыларды таптық. Олардың бірнешеуі бүгін жұмысқа шықпапты. Ал шыққандарының өзі базар басшылығының рұқсатынсыз артық ақпарат айтпайтынын жеткізді. Қорқып қалған.
"Базарды халықтың күшімен ғана сақтап тұрмыз. Облыстық прокурор, Облыс әкімінің орынбасары, Ішкі істер депортаменті орынбасарлары келсе де мәселе толық шешімін таппады. Бір анығы заң жүзінде "Алтын Орда" біздің қарамағымызда. Бұзақылар 2 500-ге жуық адам жұмыс жасайтын сауда орындарындағы орталықтандырылған интернет жүйесін де өшіріп тастады" дейді.
Меңгерушінің сөзінше бұрынғы базар басшылығынан зәбір көрген бұқара, олардың қайтадан келуіне қарсы. Күніне 7000-8000 адам кіріп-шығатын, 1500 сауда орны бар орталықтың халқы базарды сақтап қалу құзырлы органдардың қолынан келмесе, Райымбек даңғылын жауып тастаудан тайынбайтындарын жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!