Сатушылар үрейленіп отыр. "Алтын ордада" тағы да дүрбелең

Сатушылар үрейленіп отыр. "Алтын ордада" тағы да дүрбелең
Фото: tengrinews.kz

Бірнеше аптадан бері Алматыдағы "Алтын орда" базарынан түрлі видеолар тарап жатыр. Massaget.kz тілшісі сауда орталығына барып, мән жайды анықтап көрді.    

Екі қабатты ғимаратта барлығы 850 дүңгіршек бар. Базарға барып алдымен саудагерлермен тілдесуге тырыстық. Халықтың басым көпшілігі зәрезап күйде. Көпшілігі "мен жұмысқа шықпадым, ештеңе білмеймін" деп жалтарса, енді бірі "ешқандай бассыздық болған жоқ" деп пікір білдіруден ат-тонын ала қашады. Өйткені екі жақты тікетірестің зардабы сатушыларға да жеткен көрінеді. Қос тараптың қатар талабынан олар да шаршағандарын жеткізді. 

Тараған видеоға орай анықтап білгеніміз 10-шілде күні сағат кешкі 20:00 ге таман базарда халық тарқаған кезде базарға бөгде біреулер басып кірген. Алайда қарапайым қараша нәпақасын тауып отырған жерге әлдекімдердің баса көктеп кіргендігіне қарсы шыққан. Себебі әр сатушының 3,5 милионнан 10 миллионға дейін тауары бар. Бұзақылардың арасында "Қаңтар" оқиғасы кезінде базарды тонаған күзет сарбаздарын көрген бұқара бірден базар алдына жинала бастапты. Дәл сол мезетте базарды күзеткен 12 қызметкерге қарсы 40 адам қарсы тұрып павильонды тастап кетуді бұйырған. 

Базардағы сатушылар екі жақтың текетіресінің зияны ең алдымен өздеріне тие ме деп қауіптеніп отырғанын жасырмады. 

Біз бейнежазбада базар алдындағы шуға қатысқан сатушыларды таптық. Олардың бірнешеуі бүгін жұмысқа шықпапты. Ал шыққандарының өзі базар басшылығының рұқсатынсыз артық ақпарат айтпайтынын жеткізді. Қорқып қалған.

Ал "Алтын Орда" сауда орталығының меңгерушісі Айдар Амангельдин басшылыққа қысымның көп екенін жасырмады.  

"Базарды халықтың күшімен ғана сақтап тұрмыз. Облыстық прокурор, Облыс әкімінің орынбасары, Ішкі істер депортаменті орынбасарлары келсе де мәселе толық шешімін таппады. Бір анығы заң жүзінде "Алтын Орда" біздің қарамағымызда. Бұзақылар 2 500-ге жуық адам жұмыс жасайтын сауда орындарындағы орталықтандырылған интернет жүйесін де өшіріп тастады" дейді. 

Меңгерушінің сөзінше бұрынғы базар басшылығынан зәбір көрген бұқара, олардың қайтадан келуіне қарсы. Күніне 7000-8000 адам кіріп-шығатын, 1500 сауда орны бар орталықтың халқы базарды сақтап қалу құзырлы органдардың қолынан келмесе, Райымбек даңғылын жауып тастаудан тайынбайтындарын жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов