Танымал әнші Қайрат Нұртас өзін алғаш танымал сезінгені жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі "Көп-культура" подкастына берген сұхбатында бөлісті.
"Бір күні барахолкаға (базар - еск.) баратын болдым. Қалтамда 3 мың теңге болды, кілем алуға бардық. Базарға барсам анда да менің әнім, мында да менің "Арман" әнім. Диск, касета салынатын бүкіл жерде әнім ойнап тұр. Көзілдірікпен сорайып тұрған суретім. Сатушыға барып, "мынау әнді мен айтамын ғой" десем, ол маған "кетші әрі, сен кімсің?" деді. Ешкім танымайды. Тағы бір есімде қалғаны қолымда кілемім бар, аялдамада автобус күтіп тұрмын, алдымда сары дүңгіршік тұр, онда да менің әнім ойнап тұр. Дүңгіршікке кіріп, "мына әнді мен айтамын ғой" деп едім, "сенсің ғой" деп таңғалды. Ана сатушының сөзінен қатты қуанғаным сонша таксиге мініп кетіп қалдым. Бұл - менің танымал болмай тұрғандағы ең бақытты кезім", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!