Әнші Әлішер Каримов жеке өмірі туралы Асхат Садырбай Media youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, өнер иесі біраз сатқындыққа ұшыраған.
"Өмірімде сатқындық болды. Ауыз күйді, жүрек күйді. Жақын арада үйленгім келеді. Бұрыннан бері жоспарлап жүргенмін. Бірақ бір сәті түспей қойды, әртүрлі себептер болып қалады. Қазір "үйленгім келеді" деп нақты айта аламын", - деді ол.
Сондай-ақ, әнші қандай қыздар ұнамайтынын да айтты.
"Қыздардың тым ашық киінгені ұнамайды. Тіпті әртістердің де ашық киінгені көзіме біртүрлі көрінеді. Мен үшін қыз деген жұмбақ болуы керек. Ең бірінші қызды көргенде біз киімін көреміз ғой. Жалпы қыздардың қай жағынан да жұмбақ болғанын қалаймын. Болашақ жарымды өнерден таңдамайтын едім", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!