Сәтбаевта сауда үйінде пышақ ұстап жүрген ер адам жұрттың зәре-құтын қашырды

Сәтбаевта сауда үйінде пышақ ұстап жүрген ер адам жұрттың зәре-құтын қашырды
Фото: Видео кадры

Сәтбаевта сауда үйінде пышақ ұстап жүрген ер адам жұрттың зәре-құтын қашырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Желіде тараған кадрда қолында пышағы бар ер адам техника сататын дүкен қызметкерлерімен келіспей, айналасындағыларды қорқытқаны байқалады.

Полиция пікірі

Ұлытау облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұзақылық жасады деген күдікпен ер адам ұсталған.

"7 желтоқсанда сауда үйінде күдікті ер адам дүкен қызметкерлеріне наразылық білдіріп, сөреден тұрмыстық пышақ алып, күш қолданамын деп қорқытып, дүние-мүлікті бүлдірген. Кейін оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.

102-ге хабар түскен соң полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, күдіктіні ұстаған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget