Сәтбаевта қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды

Фото: Видео кадры

Сәтбаевта тұрғын үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода қыз үйге кіргені көрінеді. Кейін ер адам оның басынан ұстап, аузын қолымен жауып, баспалдақтан сүйрей жөнеледі. Артынша қыз айғайлап, қарсылық білдіреді, содан кейін ер адам үйден жүгіріп шығып кетеді.

Осы кезде бірінші қабаттағы пәтерден бір әйел шығады. Қыздың айтқанынан кейін ол ер адамның артынан жүгіре жөнеледі. Ер адам қызды зорламақ болған.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді.

"Әйел адамға шабуыл жасау дерегі бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget