Сәтбаевта ауызша уағыздар айтып, жұртты адастырмақ болған адам сотталды

Сәтбаевта терроризмдi насихаттау ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта не анықталды?

Сот мәліметінше, күдікті ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан.

Сот үкімі

Сот барлық мән-жайды ескеріп, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!