- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сәтбаевта атыс шығарғандар...
Сәтбаевта атыс шығарғандар ұсталды
Сәтбаевта атыс шығарған екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс шаралары жүргізіліп, 18 және 20 жастағы екі ер адам ұсталды. Оның бірі көлікті басқарса, екіншісі болжам бойынша, жәбірленушіге оқ атқан. Ұсталған ер адам қылмысын мойындады.
Алдын ала болжам бойынша, Ulytau Mall сауда үйінің алдында жігіттер сөзге келісе алмай, төбелесе кеткен. Олар оқиға орнынан автокөлікпен қашып, күдіктілердің бірі 24 жастағы ер адамға оқ атқан. Жәбірленуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаға қатысқандардың бәрінің кім екені анықталды. Бүгінде оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина